Accessibility links

Алматыда екі белсендіні полиция ұстады


Алматылық белсенді Дильнар Инсенова.
Алматылық белсенді Дильнар Инсенова.

Алматыда бүгін екі белсендіні полиция ұстады. Белсенді Берік Қалиевтің Азаттыққа хабарлауынша, оны түстен кейінгі сағат 15 шамасында жұмысында отырған жерінен екі полицей Алматы қалалық ішкі істер департаментіне алып кеткен.

- Мені екі полицей алып кетіп бара жатыр. Не үшін алып бара жатқанын айтпады. Департаментке барғанда тергеушіден еститінімді ғана айтты. Бұған дейін Алматы қалалық әкімдігіне 21 мамырда жер мәселесіне қатысты бейбіт митинг өткізуді сұрап хат жазғандардың арасында бар едім, - деді Қалиев Азаттыққа телефон арқылы.

Алматыда сонымен қатар бүгін түске дейін тағы бір белсенді Дильнар Инсенованың ұсталғаны да хабарланды. Тұрғындардың медициналық-әлеуметтік қорғау қорын құрушы Юлия Ширяеваның Азаттық тілшісіне айтуынша, Инсенованы сағат 11:30 шамасында баласымен бірге қалалық ішкі істер департаментіне апарған. Ол Инсенованың полицияда толтырылған хаттамаға өзін пәтеріне полиция "алдап кіріп", ұстап әкеткенін, сұрақтарға жауап беруден бас тартатынын және полицияға қоятын шағымы барын жазып берген. Ширяеваның сөзінше, Инсеновны "жер мәселесіне қатысты наразылық акциясына қатысуға шақыруға" байланысты ұстаған болуы мүмкін.

Азаттыққа қалалық ішкі істер департаментінен ұсталған белсенділерге қатысты ақпарат алу мүмкін болмады.

XS
SM
MD
LG