Accessibility links

Ресейде "Хизб ут-Тахрир" мүшелері" ұсталды


Челябинск қаласында полиция жасағы сарбазы базардағы саудагерді тексеріп тұр (Көрнекі сурет).
Челябинск қаласында полиция жасағы сарбазы базардағы саудагерді тексеріп тұр (Көрнекі сурет).

Ресейдің Челябинск облысында "Хизб ут-Тахрир" діни ұйымының күдікті үш мүшесі ұсталды. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі (немесе ФСБ) ұсталғандар облыс территориясында экстремистік идеяларды насихаттаған деген күдікке ілінгенін мәлімдеді. Ұсталғандардың аты-жөндері аталмайды. Оларға террористік ұйым қызметіне қатысты деген айып тағылған.

Қазақстанмен шекаралас Челябинск облысында бұған дейін де "Хизб ут-Тахрир" ұйымының мүшесі деген күдікпен бірнеше адам ұсталып, жауапқа тартылған.

Орталық Азия елдері мен Ресейде "Хизб ут-Тахрир" ұйымына тыйым салынған. Лондонда орналасқан бұл сүнниттік саяси ұйым мұсылман елдерін халифатқа біріктіруді мақсат етеді. "Хизб ут-Тахрир" өкілдері ұйым бейбіт қызмет етеді дейді.

XS
SM
MD
LG