Accessibility links

ІІМ: Көліктен оқ ату видеосының Ақтөбеге қатысы жоқ


Ақтөбедегі атыс кезінде түсірілген деп сипатталып, әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот. 5 маусым 2016 жыл (Көрнекі сурет).
Ақтөбедегі атыс кезінде түсірілген деп сипатталып, әлеуметтік желіде жарияланған видеодан скриншот. 5 маусым 2016 жыл (Көрнекі сурет).

Қазақстан ішкі істер министрлігі әлеуметтік желілерде таралған жеңіл көліктің люгінен атыс қаруынан "жол полициясы қызметкерлеріне оқ ату" туралы видеоның Ақтөбедегі террорлық шабуылдарға қатысы жоғын мәлімдеді.

Министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаевтың сөзінше, видео ролик биыл мамыр айының басында арнайы күш құрылшымдары туралы сериалды түсіру кезінде жасалған арнайы эффектілерден алынған. Аталған видео өңірлік басылымдарда және әлеуметтік желілерде мамырдың басында жарияланған. "Топ адамның көшеде көлік люгін ашып қойып, атыс қаруынан оқ атуы туралы видео сюжет әлеуметтік желілерге жарнама мақсатында жарияланған" деді Садубаев.

5 маусым, жексенбі күні бір топ белгісіз адам Ақтөбедегі "Паллада" және Пантера" қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасаған. ІІМ дүкенге шабуылдан үш адам қаза тауып, шабуылдаған үш адамның атыс барысында көзі жойылғанын айтады. Ресми мәлімет бойынша, дүкендерге шабуылдан барлығы бес адам - оның ішінде үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын, бір шабуыл жасаушы жараланған.

Әскери бөлімге жасалған шабуылдан әскери үш қызметкер қаза тауып, алтауы жараланған.

Полиция шабуыл жасап, қашып кеткен бірнеше күдіктіні іздеп жатыр.

XS
SM
MD
LG