Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах ресейлік кейбір жеңіл атлеттердің Рио олимпиадасы ойындарына өз елдерінің атынан қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады. Бірақ ол допинг қолданды деп айыпталған Ресей мен Кения спортшыларының кінәсіздігіне қатысты "үлкен күдік" барын білдірді. Бұл жайлы Томас Бах Халықаралық олимпиада комитетінің Швейцарияда өткен ресейлік атлеттерді олимпиададан шеттету мәселесі талқыланған жиынында айтты.
Бахтың мәлімдеуінше, Ресей мен Кенияның кез-келген атлетін жарыстарға тиісті халықаралық ұйымдар жіберуі тиіс деді. Жеңіл атлеттердің жарыстарға қатысуын Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы мақұлдауы тиіс.
Бұл жиыннан соң Ресей спорт министрі Виталий Мутко Ресей "допинг қолданбаған спортшыларының жарыстарға қатыстырылуы үшін Халықаралық олимпиада комитетінің барлық талабын орындауға дайын екенін хабарлады.