Accessibility links

WADA ресейлік атлеттердің Рио ойындарына қатысуына қарсы


WADA президенті Крейг Риди.
WADA президенті Крейг Риди.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) допинг сынағынан аман өткен ресейлік атлеттердің Рио олимпиадасы ойындарына қатыстыру туралы шешіміне қарсылық танытты.

WADA президенті Крейг Ридидің ХОК шешіміне қарсылық білдіруі халықаралық спорт ұйымдары басшыларының Ресейдегі допинг дауына қатысты түрлі пікірін туғызды.

17 маусымда Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы Ресей жеңіл атлетика құрамасын тамызда өтетін Рио олимпиадасынан шеттеткен. Федерация ресейлік кейбір атлеттердің басқа ел атынан жарысқа қатысуына мүмкіндік беретін ережесін өзгерткен.

Бірақ 21 маусымда ХОК бұл шешімге қарсылық білдіріп, допинг сынағынан өткен ресейлік атлеттердің Ресей олимпиада комитеті атынан ғана жарысқа қатысудан өзге құқығы жоқ деп мәлімдеген.

Риди мәлімдемесінде федерация шешімін дұрыс деп бағалайды.

XS
SM
MD
LG