Ресейдің Карелия аймағының Пряжинск аудандық соты «Парк-Отель «Сямозеро» балалар лагерін жабу туралы прокуратураның өтінішін қанағаттандырған соң сот орындаушылары шешімді орындауға кіріскені туралы хабарлады Карелия прокуратурасы. Осы лагерьден 18 маусымда көлге серуенге шыққан 13 бала суға кетіп қаза болған, бір бала әлі күнге шейін табылған жоқ.
Балалар қазасына байланысты «қызметті қауіпсіздік талаптарына сай атқармау» және «екі және одан көп адамның өліміне апарып соқтырған салғырттық» баптары бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Жұма күні жергілікті жедел жәрдем қызметінің фельдшері ұсталған. Ол суға батып бара жақтан баланың телефон соғып жәрдем сұраған өтінішін елеусіз қалдырған деген күдікке ілінген.
Қайғылы оқиға бойынша тергеу барысында балалар лагерінің директоры Елена Решетова мен оның орынбасары тұтқындалған, «Роспотребнадзор» мекемесінің Карелиядағы басқармасы басшысы Анатолий Коваленко үйқамаққа алынған.