Accessibility links

Владимир Путин НАТО-мен диалог бастауға ықылас білдірді


Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Финляндия президенті Саули Нийнисте. Наантли, Финляндия, 1 шілде 2016 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин (сол жақта) мен Финляндия президенті Саули Нийнисте. Наантли, Финляндия, 1 шілде 2016 жыл.

НАТО-ның Ресей шекарасына дейін кеңеюіне қарсылық білдіріп отырған Мәскеу онымен диалог бастауға қарсы емесін білдірді. Бұл туралы Ресей президенті Владимир Путин мәлімдеген.

Жұма күні Наантлиде Финляндия президенті Саули Нийнистемен өткізген келіссөзден кейін баспасөз мәслихатында сөйлеген Путин фин тарабының өзара сенімді нығайту және жанжалдың алдын алуға бағытталған алғашқы қадам жасау жөніндегі ұсынысын қабыл алғаны туралы мәлімдеді.

«НАТО-мен диалог бастап көрейік» деген Путин. Оның айтуынша, шілденің 8-і мен 9-ы күндері Польша астанасында өтетін НАТО саммитінен кейін Вашингтонда Ресей мен НАТО кеңесінің отырысы өтпек.

Путин НАТО-ның Балтық елдеріндегі контингентін ұлғайту жоспарына байланысты наразылығын білдірген.

Жұма күні Наанталиде президент Владимир Путиннің сапарына қарсылық шеруі өткен. Puxit атты акцияны интернеттегі «Еркін Ресей» («Свободная Россия») тобы ұйымдастырған.

XS
SM
MD
LG