Павлодар облысы Ертіс ауданы Ұзынсу ауылына төтенше жағдай режимі енгізілді. Бұл туралы Павлодарда өткен брифингте Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілі Бауыржан Байсеркин мәлімдеген.
Байсеркин төтенше жағдай режимін енгізуді сібір жарасына байланысты ветериарлық қызметтің сұраған.
- Төтенже жағдай режимі сібір жарасының басқа аймақтарға тарап кетпеу үшін енгізілді. Режим кезінде ірі қара малдарды бақылауда ұстап, сібір жарасы талшықтары бар еттердің сатылымға түсіп кетпеуін бақылаймыз, - деді министрлік өкілі.
Режим кезінде Ұзынсу ауылына кірер жолға тексеру пункті орналастырылады. Ауылға кіріп шыққан көліктер тіркеуге алынып, арнайы дезинфекциядан өтеді. Ұзынсу ауылында 500 адам тұрады.
Бұған дейін осы ауылдың үш тұрғыны сібір жарасы диагнозымен ауруханаға түскен. Министрліктің мәлімдеуінше, олардың біреуі жансақтау бөлімінде жатыр. Екеуінің жағдайы ауыр. Қазір бұл адамдармен байланыста болған 92 адам дәрігерлердің бақылауында.