Accessibility links

Сирияда Асад әскері Алеппоға баратын күре жолды жапты


Алеппо маңындағы жарылыстар. (Көрнекі сурет.)
Алеппо маңындағы жарылыстар. (Көрнекі сурет.)

Сирияда үкімет әскері жүз мыңдаған адамымен қоршауда қалған Алеппоны сыртқы әлеммен жалғастырып тұрған жалғыз жолды жауып тастады деп хабарлады бақылаушылар.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian Observatory for Human Rights (SOHR) орталығының хабарлауынша, үкімет күштері мен одақтастары 17 шілдеде Кастелло жолына жеткен соң Алеппода гуманитарлық дағдарыс тереңдейді деген қауіп ұлғая түскен.

«Шығыс бөліктегі кварталдар енді толық қоршауда қалды» деген AFP ақпараттық агенттігіне бақылаушылар тобының жетекшісі Рами Әбдел Рахман. Алеппоның оппозиция бақылауындағы аудандары қазір толық қоршауда қалып, ауданда шайқас жүріп жатыр деп хабарланды.

Бұған дейін осы айда үкімет күштері Алеппоны сыртпен жалғастырып тұрған Кастелло жолын оқ астына алуға қолайлы жерге жеткен болатын. Соған қарамастан, кейбіреулер аса қауіпті жолмен қатынап жүрген.

БҰҰ 300 мыңға жуық адам азық-түлік пен дәрі-дәрмек алу үшін Кастелло жолына үміт артып отырғанын ескерткен еді.

XS
SM
MD
LG