Accessibility links

Алматыда ірі сауда орындары жабылды


Абылай хан мен Қазыбек би көшелеріндегі атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.
Абылай хан мен Қазыбек би көшелеріндегі атыс орны. Көшені жауып тексеру жүріп жатыр. Алматы, 18 шілде 2016 жыл.

Алматыдағы ірі сауда орындары қаладағы шабуылдан кейін жабылған. Қаладағы ірі ойын-сауық және сауда орталықтары мен азық-түлік сататын дүкендер желісі 13:00-ден бастап бүгінгі жұмыс күндерін аяқтаған.

Бұл туралы дүкендер мен орталықтар өздерінің сайттарында және әлеуметтік желідегі парақшаларында хабарлады.

Қазір қаладағы вокзал, әуежай мен метрода тексеру жұмыстары күшейтілген.

Алматыда бүгін түске дейін белгісіз қарулы адамдар Алмалы аудандық ішкі істер бөлімі мен ҰҚК департаментіне шабуыл жасаған. Ресми ақпарат бойынша, қаза тапқандар арасында үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын бар. Жеті полиция жарақаттанған.

Республикалық антитеррорлық орталық шабуылға байланысты Алматы аумағында террорлық қауіп-қатердің "қызыл" деңгейін жариялаған.

XS
SM
MD
LG