Accessibility links

Павлодар облысында сібір жарасына қатысты карантин 26 маусымда алынбақ


Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).
Павлодар облысының аумақтық картасы (Көрнекі сурет).

Павлодар облысы Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында сібір жарасына байланысты жарияланған карантин 26 шілдеде алынбақ деп хабарлады бүгін брифингте облыстық бас ветеринарлық санитарлық дәрігер Рашид Нұрбеков. Ол жаңадан сібір жарасын жұқтыру фактісі тіркелмегенін айтты.

Ертіс ауданының Ұзынсу ауылында сібір жарасы маусымның соңында шыққан. 8 шілдеден бері Ұзынсудан сібір жарасы дерті белгісімен екі тұрғын ауруханаға түсіп, оның біреуі қайтыс болған. Эпидемиологиялық тексеру нәтижесінде ауыл тұрғындары сібір жарасын жұқтырған ауру сиырдың етін бөлшектегені анықталған.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, тұрғындар арасында қауіпті ауруды жаңадан жұқтыру фактісі кездеспеген.

XS
SM
MD
LG