Қазақстан бас прокуроры Жақып Асанов прокуратура қызметкерлерін ақтау үкімдерін шығарудан және айыптыларды қалай болса да соттаудан қорықпауға шақырды. Жергілікті агенттіктердің хабарлауынша, Астанада прокуратура алқасында Асанов ақтау актілерін шығаруды "қалыпты құбылыс" деп атаған.
"Біз іс сотқа түссе болды, демек соттау керек деген қасаң қағиданың тұтқынеына түсіп қалғанбыз. Осы нәрсе прокуратураның құқық қорғау рөліне нұқсан келтіріп, оны тұрғындар алдында жазалаушы органға айналдырады, ақпарат құралдарындағы теріс пікір де осыдан шығады" деді Жақыпов.
Ол прокурорлар айыптаумен келісіп, істі сотқа жіберген басшылық тарапынан жасалатын қысым себебінен көбіне айыптау үкімін шығаруды сұрайды дейді.
Жоғарғы соттың ресми сайтындағы статистика бойынша, 2014 жылы 478 ақтау үкімі (барлық істің 1,8 пайызы) шыққан. Ал 2015 жылы ақтау үкімінің үлесі 2,2 пайызды құраған.