Accessibility links

Немцовтың өлімі жайлы сот тыңдауы шегерілді


Борис Немцовтың қазасына күдіктілердің бірі Заур Дадаев сотта тұр. (Көрнекі сурет)
Борис Немцовтың қазасына күдіктілердің бірі Заур Дадаев сотта тұр. (Көрнекі сурет)

Мәскеудің округтік әскери соты кісі қолынан қаза тапқан ресейлік оппозиционер Борис Немцовтың ісі жайлы алдын ала тыңдауды 26 шілдеге ауыстырды деп хабарлады «Интерфакс» агенттігі.

Дүйсенбі күнгі отырыста прокуратура бұл оқиғаға байланысты тұтқындалғандарды қамау мерзімін ұзатуды, ал адвокаттар істі алқа сот қарауына беруді сұраған. Сот бұл жайлы шешімді сейсенбіде шығармақ.

Алдын ала тыңдау басталады деген кезде Мәскеу округтік әскери соты алдында Немцовты өлтіруге тапсырыс берушіні табуды және марқұмның туыстары мен серіктері бұл қылмысқа қатысы бар деп білетін Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровты тергеуді талап еткен бір кісілік пикеттер өтті. Сот ғимаратын полиция мен арнайы жасақ қоршап тұрды. Процесс жабық өтті.

Тергеу болжамынша, 2015 жылы 28 ақпанда қаза тапқан Борис Немцовтың өліміне бес адамның - Заур Дадаев, Анзор мен Шадид Губашев, Темирлан Эскерханов пен Хамзат Бахаевтардың қатысы бар. Бірақ олар айыпты жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG