Accessibility links

Қырғызстанда конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы қол жинай бастады


Бішкектегі конституцияға өзгерістер енгізуге қарсылық акцияларының бірі. Қырғызстан, маусым 2016 жыл.
Бішкектегі конституцияға өзгерістер енгізуге қарсылық акцияларының бірі. Қырғызстан, маусым 2016 жыл.

Қырғызстанда азаматтық және саяси белсенділер конституцияға өзгерістер енгізу ұсынысына қарсы қол жинай бастады деп хабарлайды Азаттықтың Қырғыз редакциясы. Бастамашыл топ өкілдері конституцияға өзгерістер енгізу жөнінде референдум өткізуді президент Алмазбек Атамбаев қызметінен кеткеннен кейін оның ықпалын сақтап қалу әрекеті деп санайды. Конституциялық реформаны жақтайтындар өзгерістер енгізудегі мақсат - конституцияның нормаларын реттеу дейді.

Парламенттегі "Ата Мекен" фракциясының жетекшісі, елде "Конституцияның әкесі" саналатын Өмірбек Текебаев конституцияға ұсынылған өзгерістер билік институттары арасындағы тепе-теңдікті бұзады дейді.

Конституцияға өзгерістер енгізуге қарсылардың арасында парламенттің бұрынғы депутаты Равшан Жээнбеков те бар. Оның пікірінше, өзгерістер жобасы асығыс даярланған, сондықтан оны референдумға шығаруға болмайды. Оның сөзінше, конституцияны өзгерту - "билікті бір қолға шоғырландыру үшін жасалып жатқан әрекет".

Президент Алмазбек Атамбаев кеше Чолпон-Атада журналистермен кездесуінде Конституцияға өзгерістер өзінің билігін "сақтау үшін енгізілмейтінін" мәлімдеген. Ол "биліктен айырылмауға" және премьер-министр болуға ниетті емес екенін де айтқан.

XS
SM
MD
LG