Қазақстандық Дмитрий Баландин 200 метрге брасс әдісімен жүзуде олимпиада чемпионы атанды. Ол бұл қашықтықты 2:07,46 секундта жүзіп өтті.
Күмісті Джош Пренот (АҚШ) иеленді - 2:07,53. Қола медаль ресейлік Антон Чупковқа бұйырды - 2:07,70
Бұл - Қазақстанның жүзуден олимпиададағы алғашқы медалі. Қазір Қазақстанда Рио олимпиадасының екі алтын, екі күміс, үш қола медалі бар. Осыған дейін ауыр атлет Нижат Рахимов алтын, дзюдошы Елдос Сметов пен тағы бір ауыр атлет Жазира Жаппарқұл күміс алған. Ал Галбадрах Отгонцэцэг (дзюдо), Карина Горичева мен Фархад Харки (екеуі де - ауыр атлетика) қола иеленген. Қазір Қазақстан жалпы есепте 11-орында тұр.