Accessibility links

Астана: Мәскеу Кенесары ханның басын қайтару жайын қарастырмақ


Қазақстан мен Ресей премьер-миинстрлері Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев. Сочи, 22 ақпан 2016 жыл.
Қазақстан мен Ресей премьер-миинстрлері Кәрім Мәсімов пен Дмитрий Медведев. Сочи, 22 ақпан 2016 жыл.

Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Қазақстан премьері Кәрім Мәсімовке Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару мәселесінің басын ашып, шешуге тапсырма беруге уәде етті. Бұл туралы Қазақстан премьерінің ресми сайтында хабарланды.

"Кәрім Мәсімов уәде еткендей Ресей үкіметінің басшысы Медведевпен кездесуде 19-ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің мүрделерін елге қайтару мәселесін көтерді" делінген ресми сайттағы ақпаратта.

Бұған дейін Мәсімов Twitter-дегі парақшасында Медведевпен кездесуінде Ресейден Кенесары хан мен Кейкі батырдың басын қайтару жайын қозғауды жоспарлап отырғанын хабарлаған.

"Мен ауызша және егер қажет болса, жазбаша тапсырма беріп, бұл мәселенің анық-қанығын анықтайтын боламын" деген Медведев.

Қазақстанда қазақтың соңғы ханы - Кенесары Қасымұлының басы Ресейде сақтаулы деген пікір бар. Қазақстанда Кенесарының басын тауып, елге қайтаруға бұған дейін де бірнеше рет әрекет жасалғанымен, ханның мүрдесі қайда сақтаулы екені нақты анықталмаған.

Кәрім Мәсімов Дмитрий Медведевпен 12 тамызда Сочиде өтетін Еуразия экономикалық одағына мүше елдер премьер-миинстрлерінің жиыны аясында кездескен.

XS
SM
MD
LG