Грек-рим күресінен 59 килограмда Рио олимпиадасының қоласына таласқан қазақстандық балуан Алмат Кебіспаев жүлде иелене алмады.
Ол жұбаныш кездесудің біріншісінде Лондон олимпиадасының чемпионы ирандық Хамид Соурианмен кездесіп, 0:7 есебімен жеңіліп жатқан. Соңғы минутта қарсыласының жауырынын жерге тигізіп, таза жеңіске жетті.
Бірақ екінші кездесуде норвегиялық Стиг Андре Вергемен белдесіп, сылбыр күрескені үшін екі ескерту алып жеңіліп қалды.
Осылайша ол қолаға таласатын шешуші матчқа шыға алмады.
15 тамызда жарысқа 130 килограмда белдесетін Нұрмахан Тінәлиев шығады. Ол бірінші кездесуінде германиялық Эдуард Поппен күреседі.