Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында бүгін нөсер жауыннан кейін 70-ке тарта үйді су басты.
Төтенше жағдайлар министрлігінің Ыстықкөл облысы бойынша өкілі Замир Жұмағазиев нөсер жауыннан соң қала маңындағы су бұрғыш арықтарда су жағадан асып кеткенін айтады. Оның сөзінше, су басу салдарын жою жұмыстары жалғасып жатыр.