Accessibility links

Ұлттық банк: Шілдеде тұрғындардың долларға сұранысы артты


Ақша айырбастау пункті, Астана (Көрнекі сурет).
Ақша айырбастау пункті, Астана (Көрнекі сурет).

Қазақстанда биыл қаңтардан бері тұрғындар банктер мен ақша айырбастау орындарынан бірінше рет долларды қолма-қол көп сатып алған. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің сайтында хабарланды. Тұрғындардың доллар сатуы бірінші рет сатып алудан азайған. Ұлттық банктің мәліметінше, шілдеде 284,2 миллион доллар сатылған. Ал биылғы жылдың алғашқы бес айында сатылған доллардың жиынтық көлемі - 1 миллиардқа жуықтайды.

"Шілдеде өткен аймен салыстырғанда тұрғындардың қолма-қол доллар сатып алу көлемінің артып, сату көлемінің азаюы жазғы демалыс кезінде шетел валютасына деген әдеттегі сұранысының көтерілуімен байланысты. Мұндай көрсеткіш өткен жылдардың жаз айларында да байқалған" делінген Ұлттық банктің мәлімдемесінде.

Ал азаматтардың доллармен жасаған саудасының көлемі (778,1 миллион доллар) 2005 жылдың шілдесінен бергі ең төменгі көрсеткішті құраған.

Ұлттық банк Қазақстандағы салымдарды долларға ауыстыру қарқыны төмендегенін айтады. Алғашқы жеті айда доллармен ашылған депозит үлесі қаңтардағы ең жоғарғы 70 пайыздан шілдеде 58,8 пайызға азайған.

XS
SM
MD
LG