Accessibility links

Алматыда "Нұр Отанға" қанмен қол қойылған хат тапсырды


"Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдында президентке жолданатын хатқа қанымен қол қойып тұрған кісілер. Алматы, 29 тамыз 2016 жыл.
"Нұр Отан" партиясы ғимаратының алдында президентке жолданатын хатқа қанымен қол қойып тұрған кісілер. Алматы, 29 тамыз 2016 жыл.

Бүгін Алматыдағы «Нұр Отан» партиясы ғимаратының алдына бір топ қарт кісілер жиналып, "әділетсіздікке, заңның орындалмайтынына" наразылық білдіріп, Қазақстан президенті атына жазылған үндеу хаттарын тапсырды. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, жиналған он шақты тұрғын Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жолдаған үндеу хатқа саусақтарын тіліп, аққан қанмен қол қойды. Акцияға қатысушылардың бірі Есенғазы Қуандықов бұл әрекетті партияға сан мәрте жазылған хаттарға жауап болмаған соң мәжбүр болғандарын айтты.

- Сот та, прокуратура да заңды өзі бұзып отыр. Бүгінгі акцияға қатысушылардың алды он жылдан бері әділеттілікке жете алмай жүргендер. Менің өзім партия атына 2 мың 500 хат жаздым. Ешбіріне жауап жоқ. Сол себепті бүгін заңның талап етілуін сұраған үндеу хатымызға қанмен қол қойдық, - деді.

«Нұр Отан» ғимаратының алдына жиналған наразы топтың үндеу хатын партияның Алматы филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің жетекшісі Алмажан Бекторазова қабылдап, он күн ішінде жауап беретіндерін айтты.

XS
SM
MD
LG