Accessibility links

Террористік қауіп туралы ақпарат қабылдайтын телефон нөмірі қосылды


Қазақстанның батысында террорлық қауіп-қатердің "сары" деңгейі жарияланғаны туралы телефонға келген хабарлама (Көрнекі сурет).
Қазақстанның батысында террорлық қауіп-қатердің "сары" деңгейі жарияланғаны туралы телефонға келген хабарлама (Көрнекі сурет).

Қазақстанда терроризм қаупіне қатысты ақпаратты қабылдайтын бірыңғай нөмір қосылды.

Астана қалалық әкімдігінің хабарлауынша, тұрғындар жоспарланып жатқан теракт туралы естіп білсе, радикалды көңіл-күйдегі адамдар өзіне үгіт-насихат жасаса я соған куә болса, терроризм мен діни экстремизмді насихаттайтын әдебиеттердің таратылып жатқанын білсе жаңадан қосылған 110 нөміріне хабарласуға болады. Бұл нөмірге соғылған қоңыраулар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) территориялық департаменттерінің кезекші қызметіне түседі.

Маусымның басында Ақтөбеде бір топ қарулы адамның шабуылы мен шілдеде Алматыда жалғыз адамның полиция мен ҰҚК департаментіне шабуылынан соң Қазақстанда терроризмге қарсы шаралар күшейтіле бастаған. Екі шабуыл да теракт деп бағаланып, Қазақстанда террористік қауіп-қатердің "сары" деңгейі жарияланған.

Әкімдіктің мәліметінше, әзірге 110 нөміріне аудандық, қалалық телефондардан және Beeline ұялы байланыс операторының нөмірінен тегін қоңырау соғуға болады.

XS
SM
MD
LG