Accessibility links

Обама: Сирия мәселесі бойынша Ресеймен келіссөздер қиын өтіп жатыр


АҚШ президенті Барак Обама. Ханчжоу, Қытай, 3 қыркүйек 2016 жыл.
АҚШ президенті Барак Обама. Ханчжоу, Қытай, 3 қыркүйек 2016 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Сириядағы соғысты тоқтату туралы қандай да бір келісімге қол жеткізуде Ресеймен келіссөздер шешуші фактор болатынын, бірақ Вашингтон мен Мәскеу арасындағы пікір қайшылығы келіссөзге қиындық келтіретінін мәлімдеген. Бұл туралы ол бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында баспасөз мәслихатында айтқан.

«Менің ойымша, алға жылжуға айқын жол ашық деп айтуға әзірше ертерек, бірақ, қандай да бір прогреске қол жеткізуге мүмкіндік бар» деген ол.

Қыркүйектің 2-і күні Ресей президенті Владимир Путин Bloomberg агенттігіне сұхбатында Ресей мен АҚШ Сириядағы террорлық қауіп-қатерлерге қарсы күрес бойынша келісім жасауға жақын тұрғанын, егер қол жеткен жағдайда ол Сириядағы азаматтық соғысты тоқтату жолындағы маңызды қадам болатынын мәлімдеген еді. Сонымен бірге Путин Вашингтонмен «өте күрделі» келіссөздер жүріп жатқанын айтқан.

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри мен Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров екі елдің Сирия бойынша әскери және гуманитарлық қарым-қатынасы жөнінде бірнеше рет келіссөздер жүргізген. Келіссөздерден кейін екі елдің позицияларындағы өзгерістер жөнінде хабарланған жоқ. Тек Керри біршама мәселелер «айқындалғанын» айтқан еді.

XS
SM
MD
LG