Accessibility links

Порошенко: Ресей Украина аумағында сайлау өткізбеуі тиіс


18 қыркүйек - Ресей мемлекеттік думасы сайлауы күні екені туралы биллборд. Қырым, тамыз, 2016 жыл.
18 қыркүйек - Ресей мемлекеттік думасы сайлауы күні екені туралы биллборд. Қырым, тамыз, 2016 жыл.

Украина президенті Петр Порошенко сыртқы істер министрлігіне ел аумағында Ресей мемлекеттік думасы сайлауын өткізуге жол берілмейтіні туралы Мәскеуді хабардар етуді тапсырған. Бұл туралы бүгін Украина президентінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әңгіме Ресей аннексиялап алған Қырым түбегіне қатысты болып отыр. Ресей Федерациясы территориясында мемлекеттік думасы депутаттарын сайлауы күні болып белгіленген қыркүйектің 18-інде Қырым түбегінде де дауыс беру өткізу жоспарланған.

Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин бұған дейін түбек аумағында Ресей парламенті сайлауын өткізу – қабылдауға келмейтін шара деп мәлімдеген. Украина Жоғарғы Радасы халықаралық қауымдастықты дауыс беру нәтижесін мойындамауға шақырған. Кремль егер сайлау нәтижесін мойындамайтын болса шетел парламенттерінің мәлімдемелеріне назар аудармайтынын мәлімдеген.

Ресей 2014 жылы наурызда Қырымда ресейшіл сепаратистер ұйымдастырған «референдумнен» кейін түбекті аннексиялап алған. Украина, АҚШ және Еуропа Одағы мен әлем елдерінің көпшілігі Қырымды аннексиялауды заңсыз деп таныған. Мәскеу түбекті басқыншылық жасап өзіне қосып алғаны туралы айыптауларды мойындамай отыр

XS
SM
MD
LG