Accessibility links

Головкин 36-кездесуін де жеңіспен аяқтады


Геннадий Головкин (сол жақта) мен Келл Брук арасындағы жекпе-жек. Лондон. 10 қыркүйек 2016 жыл.
Геннадий Головкин (сол жақта) мен Келл Брук арасындағы жекпе-жек. Лондон. 10 қыркүйек 2016 жыл.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин өзінің 36-кездесуін Лондонда ұлыбританиялық Келл Брукспен өткізіп, уақытынан бұрын айқын жеңіске жетті.

Жекпе-жектің бесінші раундында Головкиннің ауыр соққыларынан кейін Бруктың бапкері рингке ақ орамал лақтырып, төрешіден кездесуді тоқтатуды сұрады.

Головкин кәсіпқой рингтегі 36 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жетті. Осы жеңісінен кейін 34 жастағы боксшы орта салмақ дәрежесінде (160 фунт – шамамен 73 кг) WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сақтап қалды. Ал жартылай орта салмақтан орта салмаққа кейін өткен Келл Брук осыған дейін 36 жекпе-жек өткізіп, ешбірінде жеңілмеген. Бұл - ұлыбританиялық боксшының карьерасындағы алғашқы жеңілісі.

XS
SM
MD
LG