Өзбекстан президенті сайлауына кандидаттар ұсыну қыркүйектің 30-ында басталып, қазанның 20-ы аяқталатыны туралы журналистерге Өзбекстан орталық сайлау комиссиясының төрағасы Улуғбек Абдусаломов айтты деп хабарлаған Sputnik агенттігі. Ел билігі сайлауға дайындық және оны өткізуге байланысты барлық шараларды Өзбекстан орталық сайлау комиссиясы, «ашық және жария» түрде құрылатын сайлау комиссиялары жүзеге асырады деп мәлімдеген.
Мемлекетті соңғы 27 жыл бойы басқарған Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримов қыркүйектің 2-сі күні қайтыс болған соң елде президент сайлауы желтоқсанның 4-іне тағайындалған.