Душанбенің оңтүстік-батысындағы Ляур полигонында Ресейдің 201-бөлімшесі мен Тәжікстан қарулы күштерінің біріккен оқу-жаттығу жиыны өтіп жатыр.
Тәжікстан қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі Джамшед Хусейновтың айтуынша, оқу-жаттығу жиынына екі елден 800 солдат пен 200 техника қатысып жатыр.
Жаттығудың мақсаты - экстремизм мен терроризмге қарсы тұру. Оқу-жаттығу жиыны 13 қыркүйекте басталған. 16 қыркүйекте аяқталады. Бұл - Ресей мен Тәжікстан әскерінің биылғы алғашқы біріккен жаттығуы жиыны.