Accessibility links

Киевтегі Ресей елшілігі түнгі шабуылдан соң наразылық нотасын жолдаған


Киевтегі Ресей елшілігі. 17 қыркүйек 2016 жыл.
Киевтегі Ресей елшілігі. 17 қыркүйек 2016 жыл.

Киевтегі Ресей елшілігі өткен түні дипломатиялық өкілдікке жасалған шабуылды тексеру және ресейлік дипломатиялық мекеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді талап етіп Украина сыртқы істер министрлігіне наразылық нотасын жолдаған. Бұл туралы «Интерфакс-Украина» агенттігі хабарлады.

Мәскеу қыркүйектің 17-сіне қараған түні Киевтегі Ресей елшілігіне жасалған шабуылдың мән-жайын тексеріп жатыр деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрлігіндегі дерек көзіне сілтеме жасаған «Новости» агенттігі. Егер дипломатиялық өкілдік ғимаратына шабуыл жасалғаны туралы ақпарат расталса, онда Мәскеу «дереу» жауап қайтарады деген агенттіктің дерек көзі.

Сенбіге ауған түн мезгілінде бет-жүзін жасырып алған 20 шақты демонстрант Ресейге қарсы ұрандар айғайлап, дипломатиялық мекеме ғимаратына жарық шашып белгі беретін тапаншадан атқылаған. Reuters түнгі оқиғаның видеосын жариялады. Елшілікке келген полиция акцияға қатысушыларды таба алмаған. Бұл оқиғаны билік орындарының тексеріп жатқаны хабарланды.

XS
SM
MD
LG