Accessibility links

Ақышев: валюта нарығындағы жағдай тұрақты


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.
Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев.

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышевтың айтуынша тамыз айында валюта бағамы тұрақты болған.

«Тамыз айында теңге 3,4 пайызға нығайып, доллар 352,25-тен 340,10 теңгеге түсті. Қыркүйекте де айтарлықтай өзгеріс болған жоқ» дейді Ақышев, «Капитал» сайтына берген сұхбатында

Ақышевтың айтуынша, банк жүйесінде теңгенің елеулі мөлшері жиналған, бірақ халық пен кәсіпорындар тарапынан несиеге сұранысазайған.

«Ұлттық банктің алтын валюта қорыжыл басынан бері 10 пайызға өсіп, 30,7 миллиард долларды құрады. Ұлттық қордың активтеріі 2 пайызға өсіп, 64,9 миллиард долларды құрады» дейді өз сөзінде Ұлттық банк басшысы.

XS
SM
MD
LG