Accessibility links

Украина іздеген «Антимайдан» белсендісі оққа ұшты


Russia -- A policeman stands outside the restaurant where Yevhen Zhylin, a former Ukrainian army officer, was shot dead, in the Moscow region's Odintsovo district, September 19, 2016
Russia -- A policeman stands outside the restaurant where Yevhen Zhylin, a former Ukrainian army officer, was shot dead, in the Moscow region's Odintsovo district, September 19, 2016

Терроризм бойынша айыпталған іздеудегі Украин азаматы Мәскеу маңында оққа ұшты. Бұрынғы украиналық әскери Евгений Жилинді 19-қыркүйекте Мәскеу облысы Одинцов ауданындағы мейрамханада белгісіз біреу атып кеткен. Жилинның жанында жүрген адам хал үстінде ауруханаға жеткізілген.

Ресей тергеу комитеті Жилиннің өлімі оның кәсіпкерлік қызметімен байланысты болуы мүмкін деп мәлімдеді.

Украина азаматы Жилин 2010-жылы Украинаның Харьков облысында 2013-2014 жылдардағы еуропашыл «Еуромайдан» аталған жиындарға қарсы «Оплот» қозғалысының негізін қалаған.

2014-жылдың ақпанында наразылар ресейшіл президент Виктор Януковичті биліктен тайдырғанда Жилин мен оның тобы Ресейге қашқан. Киев соты Жилинді қамау туралы шешім шығарып, ақпан айында оған халықаралық іздеу салынған. Ол Украина ішкі істер министрі Арсен Аваковтың өміріне қастандық жасады, белсенділерге шабуылдады деп және терроризм бойынша айыпталып отыр.

XS
SM
MD
LG