Accessibility links

АҚШ-та Трамптың кеңесшісінің Ресеймен байланысын тексеріп жатыр


АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп.
АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп.

АҚШ құқық органдары президенттікке кандидат Дональд Трампқа жақындығы бар бизнесмен Картер Пейдждің санкциялар тізіміне енгізілген ресейліктерге, егер Республикалық партия кандидаты сайлауда жеңіске жетсе, оларды санкция тізімінен шығаруға уәде берген-бермегенін анықтау мақсатында тексеру жүргізіп жатыр.

Трамптың сыртқы саясат мәселелері бойынша кеңесшісі Картер Пейдждің Мәскеуге барып, ресейлік тұлғалармен әңгімелескені туралы ақпаратты өзгелермен бірге Yahoo жаңалық порталы, ABC телеарнасы және Foreign Policy журналы таратқан.

Трамптың сайлау штабы Пейдж сайлауалды науқанда ешқандай роль атқарған емес және атқармайды да деп мәлімдеп, одан іргесін аулақ салуға тырысып жатыр. Бірақ, наурыз айында Washington Post басылымына сұхбатында Республикалық партия кандидаты жақын бес көмекшісінің бір ретінде Ресейдің энергетика саласымен бұрыннан байланысы барын айтқан инвестор Пейджді атаған болатын.

Сонымен бірге сайлау штабы Трампке бұрынғы СССР-ден шыққан, іс-әрекеттері күмәнді екі бизнесмен – Ресей-АҚШ сауда палатасының президенті Сергей Миллиан мен Нью-Йорктегі Bayrock Group LLC риэлторлық фирмасының басшысы Феликс Сатердің жақындығы туралы сөзді жоққа шығарып отыр.

АҚШ Конгресінің демократ мүшелері елдегі президент сайлауына Трамп жағына шығып алған Ресей араласып отыр деп алаңдайды.

Өткен айда Трамптың сайлау штабының жетекшісі Пол Манафорт баспасөз құралдары өзі жайлы Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтің маңайындағы адамдардан миллиондаған доллар ақша алған деп жазғаннан кейін қызметінен кеткен болатын.

XS
SM
MD
LG