Accessibility links

Министрлік: Қазақстанда жыл басынан бері инфляция 5,6 пайызды құрады


Алматыдағы сауда орталықтарының біріндегі көкөніс бағалары (Көрнекі сурет).
Алматыдағы сауда орталықтарының біріндегі көкөніс бағалары (Көрнекі сурет).

Қазақстанда жыл басынан бері инфляция деңгейі 5,6 пайызды құрады деп хабарлады ұлттық экономика министрлігі. Ресми ақпаратқа қарағанда, соңғы 9 айда азық-түлік тауарларының бағасы - 5 пайызға, азық-түлік емес тауарлар бағасы - 6,8 пайызға, ақылы қызметтер - 5,3 пайызға қымбаттаған.

2015 жылдың желтоқсанынан бері жарма бағасы - 32,5 пайызға, шай - 25,8 пайызға, қант - 22,4 пайызға, нан - 16,1 пайызға, кондитерлік өнімдер мен өсімдік майы 11 пайызға қымбаттаған делінген министрлік баспасөз қызметінің ақпаратында.

Денсаулық сақтау қызметтерінің бағалары - 8 пайызға, білім беру қызметі 6 пайызға қымбаттаған. Алыс қашықтыққа арналған теміржол билеттерінің құны - 12,5 пайызға, әуе тасымалы билеттерінің құны - 11,8 пайызға, қала ішілік қоғамдық көліктердегі тасымал бағасы 8,4 пайызға өскен.

Фармацевтикалық өнімдердің бағалары - 14,4 пайызға, дизель отыны - 27,3 пайызға, баллондағы сығымдалған газ бағасы 17,5 пайызға артқан.

XS
SM
MD
LG