Accessibility links

Мұхамедиұлы өзіне қарсы "жыныстық бопсалау" айыбын "жала" деп атады


Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, мәдениет және спорт министрі.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының бұрынғы студенті Еңлік Сыдықованың өзіне таққан айыбын терістеді деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

9 қазанда интернетте өзін академияда 2011-2015 жылдары оқыдым деген Еңлік Сыдықованың видеосы жарияланған. Сыдықова видеода 2011 жылы сол кезде академия ректоры болып тұрған Арыстанбек Мұхамедиұлын оқуға түсуіне көмектесу үшін "жыныстық бопсалады" деп айыптайды.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, министрліктің баспасөз қызметі Еңлік Сыдықованың айыбын "жала" деп атаған. "Бейнежазбадағы қыз адвокаттармен кеңесіп алуы керек еді. Қылмыстық кодексте азаматтарды дәлелсіз айыптамауға шақыратын жала жабу туралы бап бар. Мен заңгерлерімді әлгі видеоны зерттеп, қарсы құқықтық шараларын жасауды сұраймын" деген Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ал Sputniknews.kz сайтының хабарлауынша, коррупциямен күрес ұлттық бюросының баспасөз қызметі Мұхамедиұлының атына айтылған айыпқа қатысты жағдайлар анықталып жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG