Accessibility links

200-ге жуық ел парник газын пайдалануды қысқартуға міндеттеме алды


Ғимараттың сырт жағындағы кондиционерді қарап жатқан адам. Мәскеу, 19 тамыз 2015 жыл.
Ғимараттың сырт жағындағы кондиционерді қарап жатқан адам. Мәскеу, 19 тамыз 2015 жыл.

Әлемдегі 200-ге жуық елдің өкілдері ауаға бөлінетін парник газының көлемін азайту туралы келісімге келді деп хабарлайды Reuters агенттігі.

Руанда астанасы Кигалиде өткен кездесуде қатарында АҚШ пен Еуропа мемлекеттері бар дамыған елдер негізінен тоңазытқыш пен кондиционер жасау өндірісінде қолданылатын гидрофторкөміртегі газын пайдалануды 2019 жылға дейін 10 пайызға азайту туралы міндеттеме алды. Ал 20 жылдан соң ол газды қазіргі көлемінің тек 15 пайызы мөлшерінде ғана пайдалану жоспарланып отыр.

Дамушы елдер жақын он жылда өз өндірістеріндегі парник газының көлемін ұлғайтуды доғаруы тиіс. Жыл сайын әлемде гидрофторкөміртегі газын ауаға шығару 10 пайызға көбейіп отыр, оның үлкен бөлігі дамушы елдердің үлесіне тиеді.

Әлемде тоңазытқыш пен кондиционер жасайтын өнеркәсіп орындары озон қабатын ыдырататын хлорфторкөміртегіне тыйым салынғаннан кейін гидрофторкөміртегі газын пайдалануға көшкен болатын. Кейін мамандар ол ғаламдық жылынуға апарып соғатын парник газының ауада көбеюіне себеп болады деген қорытындыға келген.

XS
SM
MD
LG