Accessibility links

ҚМДБ: Хиджаб мәселесінде ата-ана мен мектеп басшылығы түсініскені жөн


Хиджаб таққан қазақстандық жас қыздар. (Көрнекі сурет)
Хиджаб таққан қазақстандық жас қыздар. (Көрнекі сурет)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) оқушы қыздардың мектепке орамал (хиджаб) тағып баруына байланысты "мұсылман жамағаты мен ата-аналарды оқу орындары басшыларымен ортақ мәмілеге келуге" шақырды.

ҚМДБ 24 қазан күні жариялаған мәлімдемесінде исламда шариғат талабы бойынша ата-анасы кәмелеттік жасқа толмаған қызына орамал таққызып, жалпыға ортақ білім алуына тыйым салмауы тиіс екенін айтады.

ҚМДБ "ата-аналар Қазақстандағы білім беру жүйесі оқытуды ғана емес, адамды өнерге, спортқа, зияткерлік дамытуға бағытталғанын сезінуі керек" дейді.

Діни басқарма ата-аналарға қыз баланың міндетті зайырлы білім алуына көбірек көңіл бөлулеріне кеңес берді.

Өткен аптада Қазақстан билігі мектепте хиджаб пен қандай да бір дінді тікелей немесе жанама түрде насихаттайтын бас киім және басқа да киім үлгілерін киюге тыйым салынатынын мәлімдеген. Білім және ғылым министрінің орынбасары Эльмира Суханбердиева мұндай шешім басқа да министрліктермен талқылаудан соң қабылданғанын айтқан.

Мектеп пен басқа да оқу орындарында хиджаб пен өзге де діни киім түрлерін киюге қатысты түпкілікті шешім билік діни экстремизм проблемасына алаңдай бастаған кезде қабылданып отыр.

Қазақстан конституциясында бұл елді демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп сипаттап, оның ең жоғарғы құндылығы - адам мен оның өмірі, құқығы және еркіндігі екені жазылған.

XS
SM
MD
LG