Ресейдің S7 Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы бүгін Алматы әуежайына шұғыл түрде қонды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер. Сағат 11:30-да Новосибирскіден ұшып шыққан ұшақ сағат 12:40-та Ферғанаға жетуі тиіс болған.
Алматы әуежайының анықтама бөлімінде ұшақтың сағат 12:54-те қонғанын айтқан. Төтенше түрде қонуға жолаушылардың бірінің жағдайы нашарлауы себеп болған.
Қазір дәрігерлер жолаушыға дәрігерлік көмек көрсеткен.