Accessibility links

Молдовада президент сайлауының алғашқы нәтижесі жарияланды


Молдова президенттігіне кандидаттар Юрие Лянкэ (солдан оңға қарай), Майя Санду және Игорь Додон.
Молдова президенттігіне кандидаттар Юрие Лянкэ (солдан оңға қарай), Майя Санду және Игорь Додон.

Молдовада 30 қазанда өткен президент сайлауының алғашқы нәтижелері бойынша, Социалистік партия өкілі, ресейшіл кандидат Игорь Додон 49,7 пайыз, батысшыл кандидат Майя Санду 37 пайыз дауыс алған. Орталық сайлау комиссиясының ақпаратына қарағанда, қазірге дейін бюллетеньдердің 93 пайызы саналған.

30 қазандағы дауыс беру - Молдовада соңғы 20 жылда өткізіліп отырған алғашқы жалпыхалықтық тіке сайлау. Сарапшылар бұл сайлау нәтижесі "Молдова Еуропа Одағымен интеграцияны таңдай ма, әлде Ресеймен жақындаса бастай ма" деген мәселеге нүкте қояды дейп болжайды.

Экономикалық білімі бар 41 жастағы Додон бұған дейін президент болып сайланған жағдайда ЕО-мен ассоциация туралы келісімнен бас тартып, Ресей бастаған Еуразия экономикалық одағына қосылу ниеті барын мәлімдеген.

Бұрынғы білім министрі, "Іс-қимыл және ынтымақтастық партиясының" жетекшісі Майя Санду президент болып сайланса ЕО-мен жақындасу жұмыстарын жалғастарынын және елдің ЕО-ға мүше болу мүмкіндіктерін арттыратын реформаларды іске асыратынын мәлімдеген.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша, сайлауға дауыс беру құқығы бар азаматтардың 49 пайызы қатысқан. Егер кандидаттардың ешқайсысы басым дауыс жинамаса, онда 13 қарашада сайлаудың екінші кезеңі өтеді.

XS
SM
MD
LG