Қырғызстан парламентінің депутаттары ел конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде референдум өткізу туралы заң жобасын үшінші әрі соңғы оқылымында мақұлдады. Заң жобасын 89 депутат қолдап, 16 депутат қарсы дауыс берді.
Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, билік референдумды 11 желтоқсан - жергілікті кеңестерге сайлау болатын күнге белгілеген.
Оппозицияшыл саясаткерлер, қоғамдық белсенділер мен құқық қорғаушылардың біразы конституцияға өзгеріс енгізуге қарсы. "Референдум - жоқ!" деп аталатын қозғалыс жалпыхалықтық жиын өткізіп, оған қатысқандар конституцияға өзгерістер енгізуге қарсы болғанын мәлімдеді.