Accessibility links

Әйгілі клоун Олег Попов көз жұмды


Клуон Олег Попов.
Клуон Олег Попов.

Әлемге әйгілі клоун, Совет одағының халық әртісі Олег Попов 86 жасында қайтыс болды деп хабарлады 3 қарашада ресейлік агенттіктер. Марқұм 2 қазанда Дондағы Ростовқа гастрольдік сапармен барғанында көз жұмған.

Олег Попов мансабын эквилибирист болып бастады. 1951 жылы Саратов циркінде алғаш рет кілем клоуны ретінде өнер көрсетті. Ол осыдан соң танымал клоун Карандаш басқаратын Жастар цирк ұжымына орнықты. Бұдан соң Мәскеудің үлкен мемлекеттік циркінде қызмет істеді. Ол сахнада "Күн клоуны" образымен әйгілі болды.

Олег Попов 1991 жылдан бері Ресей азаматтығынан бас тартпай Эглофштайнда (Германия) тұрып, циркке "Бақытта Ганс" деген бүркеншік атпен шығып жүрді. Германияда тұрған 24 жылда Попов 2015 жылы шілдеде бірінші рет Ресейге барған.

XS
SM
MD
LG