Accessibility links

Сирияда Ресей тікұшағы атқыланып, экипажы эвакуацияланды


Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік әскери тікұшақ (Көрнекі сурет)
Сирияның Хмеймим әуе базасында тұрған ресейлік әскери тікұшақ (Көрнекі сурет)

Ресей әскерилері Сирияда көтерілісшілер ресейлік тікұшақтардың бірін атқылап, қонуға мәжбүрлегенін мәлімдеді. Ақпаратқа қарағанда, тікұшақ экипажы зардап шекпеген.

Ресейдің Сириядағы жауласушы тараптарды бітістіру орталығы тікұшақтың Хама провинциясына гуманитарлық жүк жеткізіп бара жатқанда атқыланғанын хабарлады. Орталық мәліметінше, тікұшақ Пальмира қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 километр жерде қонуға мәжбүр болған. Көтерілісшілер тікұшақ қонған орынды да атқылаған. Экипажды оқиға орнына жеткен құтқарушы тікұшақ эвакуациялап, Латакия провинциясындағы Хмеймим әуе базасына жеткізілген.

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымымен байланысты Amaq агенттігінің хабарлауынша, ресейлік әскери тікұшақты Сирияның орталық бөлігіндегі Хувайсис ауданына жақын елді мекенде зымыранмен атып құлатқан.

Syrian Observatory for Human Rights ұйымының дерегіне қарағанда, тікұшақ Хувайсис ауданына қонатын кезде атқыланған.

Ресей 2015 жылы қыркүйекте Сирияда президент Башар Асадты қолдап әскери-әуе шабуылдарын бастағаннан бері осымен төртінші тікұшағынан айырылды.

XS
SM
MD
LG