Accessibility links

Тоқтар Төлешов 21 жылға сотталды


Бизнесмен Тоқтар Төлешовке үкім оқылып жатқан сот залы. Астана, 7 қараша 2016 жыл.
Бизнесмен Тоқтар Төлешовке үкім оқылып жатқан сот залы. Астана, 7 қараша 2016 жыл.

Астанада бүгін мамандандырылған ауданаралық әскери сотта шымкенттік бизнесмен, "билікті басып алмақ болды" және "жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырды" деп айыпталған Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі жарияланды.

Судья Ербол Ахметжанов Төлешовті аталған баптар бойынша айыпты деп танып, 21 жылға бас бостандығынан айыруға, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге үкім етті. Сот үкімі бойынша Төлешов дүние-мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік марапаттарынан айырылмақ.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) 2016 жылғы қаңтардың соңынан бері тергеу абақтысында отырған "Шымкентсыра" зауытының иесі Тоқтар Төлешовке "адам ұрлау, заңсыз бостандықтан айыру, билікті күшпен басып алуды насихаттау, экстремистік топ құру, қылмыстық қауымдастық құрып, оны қаржыландыру және басшылық жасау, бандитизм, пара беру" туралы айыптар тағылғанын мәлімдеген. Кейін оған "жер дауына қатысты митингілерді қаржыландырды" деген тағы бір айып тағылды.

ҰҚК "мемлекеттік төңкеріс жасамақ болған" Төлешовтің жоспарын қамауда отырған бірқатар жоғары лауазымды шенеуніктер – Қазақстан бас прокурорының бұрынғы орынбасары, конституциялық кеңестің бұрынғы мүшесі Ілияс Бақтыбаев пен Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің бұрынғы бастығы генерал-майор Хибратулла Досқалиев және тағы басқа тұлғалар қолдағанын айтқан. Тергеу болжамы бойынша, "Бақтыбаев пен Досқалиев жоғарғы сот төрағасы және ішкі істер министрі қызметтерін иеленбекші болған".

Тоқтар Төлешовтің соты 14 қыркүйекте Астанада басталып, "іс материалында мемлекеттік құпия мәліметтері болғандықтан" жабық түрде өткен.

Төлешовтің ісі бойынша сотқа 20-дан астам адам тартылған.

XS
SM
MD
LG