Accessibility links

"Ақтөбе" директорының ұсталғаны хабарланды


"Ақтөбе" футбол командасының директоры Дмитрий Васильев (Сурет ҚФФ сайтынан алынды).
"Ақтөбе" футбол командасының директоры Дмитрий Васильев (Сурет ҚФФ сайтынан алынды).

8 қарашада Қазақстанның Мемлекеттік қызмет істері министрлігіне қарасты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "Ақтөбе" футбол командасының директоры Дмитрий Васильев ұсталғанын хабарлады.

Ұлттық бюроның вебсайтындағы мәлімдеме бойынша "Васильев сыйақыларды заңсыз төлеу жолымен бюджеттен 300 миллион теңгені ұрлаған".

"Футболдан Қазақстан чемпионатының бірінші кезеңі қорытындысы бойынша "Ақтөбе" командасының үздік алтылыққа енгені үшін футболшылары мен жаттықтырушыларға 69 миллион теңге көлемінде заңсыз сыйақы берілген. Бұл соманың 15 миллион теңгесін Васильев өзі алған" деп жазылған Ұлттық бюроның хабарламасында.

Васильев Қазақстанға Ресейден келген. Ол бұған дейін "Жетісу" командасында директоры қызметін, Қазақстан футбол федерациясында бас менеджер қызметін атқарған.

XS
SM
MD
LG