Accessibility links

АҚШ сайлауында 120 млн-нан астам адам дауыс бермек


АҚШ-тағы сайлау науқаны. Колорадо, 8 қараша 2016 жыл.
АҚШ-тағы сайлау науқаны. Колорадо, 8 қараша 2016 жыл.

АҚШ-та президент сайлауы өтіп жатыр. Болжам бойынша, елде 8 қарашада 80-100 миллион адам дауыс беруі тиіс. Бұған дейін алдын ала дауыс беру рұқсат етілген штаттарда 46 миллиондай адам дауыс берген.

Президенттікке түскен үміткерлердің арасындағы аса танымалдары - республикашылдар партиясынан кандидат Дональд Трамп пен демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтон.

Сайлау қарсаңындағы сауалнамаға қарағанда, Трампты ақ нәсілді жұмысшы өкілдері, жоғары білім жоқ адамдар, ауыл шаруашылығымен айналысатын аудандардағы халық қолдайды дейді "Америка дауысы" радиосы.

Ал Клинтонды әйелдер, латынамерикалықтар мен афроамерикалықтар жақтайды. Оны қолдайтындарын мәлімдегендердің арасында жоғары білімді адамдар да көп.

АҚШ-та 8 қарашада жалпыхалықтық сайлау өтіп жатыр. Бұл күні елдің президенті мен вице-президенті, 100 сенатордың 34-і, 12 штат пен екі аумақтың (Пуэрто-Рико мен Америкалық Самоаның) губернаторлары, 15 ірі қаланың мэрлері сайланады.

XS
SM
MD
LG