Accessibility links

Politico: Америкалықтардың 36 пайызы мықты президентті қалайды


Дауыс беру кезегінде тұрған адамдар. Вирджиния, 8 қараша 2016 жыл.
Дауыс беру кезегінде тұрған адамдар. Вирджиния, 8 қараша 2016 жыл.

"Америкалықтардың 36 пайызы Ақ үйге мықты басшы барғанын қалайды" деп хабарлады АҚШ-сайлауы кезінде мерзімінен бұрын дауыс берген сайлаушылар арасында сауалнама өткізген Politico басылымы. Бұған дейінгі президент сайлауында сауалнамаға қатысқандардың 18 пайызы ғана осындай пікірде болған.

Бұл жолғы Politico басылымының сауалнамасына қатысқан америкалықтардың 29 пайызы - болашақ жоспары айқын президентті, 16 пайызы - өздерінің құндылықтарын қолдап, сайлаушылардың қамын ойлайтын басшыны қалайды.

Респонденттердің 85 пайызы сайлау кампаниясы тез аяқталғанын күтеді. Олардың жартысы науқанға ашулы не өкпелі, 39 пайызы қапа болған, тек 25 пайыздайы ғана мақтаныш сезімін кешеді.

АҚШ-та өтіп жатқан президент сайлауында120-140 миллиондай адам дауыс беруі тиіс.

Президенттікке түскен үміткерлердің арасындағы аса танымалдары - республикашылдар партиясынан кандидат Дональд Трамп пен демократиялық партиядан үміткер Хиллари Клинтон.

XS
SM
MD
LG