АҚШ-тағы президент сайлауының алғашқы нәтижелері шыға бастаған тұста әлемдік қор нарықтарында баға құбылып тұр. Соңғы мәліметтер бойынша, әзірге орталық және шығыс штаттардағы дауыс беру нәтижелері бойынша демократ Хиллари Клинтон алда тұр. Трамп Кентукки, Оклохома, Индиана, Каролина штаттарында алға шыққан. АҚШ-тағы сайлауда бірнеше штатта Трамптың жеңгені хабарланған соң Азия биржаларында доллар бағасы құбыла бастады.
Азиялық қор нарықтарында инвесторлар АҚШ-тағы сайлау туралы мәліметтерге қарап реакция білдіріп жатыр. Әзірге сайлаудың нәтидесін болжап білу мүмкін болмай тұр. Клинтонға мерзімінен бұрын дауыс берген 46 миллионнан астам америкалық дауыс берген. Бірақ сайлау күні Трамп бірнеше штатта алға шықты. 8 қарашада сауда сессиясы жабылатын кезде Уолл-стриттегі индекстер 0,5 пайызға, еуропалық биржалар жабылатын кезде индекстер 0,3 пайызға артты.