Accessibility links

Кейбір депутаттар балалар үйлерін кенеттен тексеруге шақырды


Балалар үйінің бөлемсі (Көрнекі сурет)
Балалар үйінің бөлемсі (Көрнекі сурет)

Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова елдегі барлық балалар үйіне кідіріссіз мониторинг жүргізуге шақырды. Мәжіліс жиынында ол үкімет пен бала құқығы жөніндегі уәкілге билікшіл Коммунистік халықтық партиясының фракциясы даярлаған сауалды қойды. Смирнова балалар омбудсменінің балалар үйлеріне аяқ астынан тексеру жүргізу идеясын қолдайтынын, себебі соңғы уақытта "балалар үйлерінде зорлық көрсету фактілері көбейгенін" және "жетім балаларға қатысты қатыгездік әдетке айналғанын" айтты.

Смирнованың ақпаратына қарағанда, Қазақстанда жетім балалар мен ата-анасының қарауынсыз қалған балаларға арналған 106 мемлекеттік білім беру ұйымы, оларда алты жарым мың бала бар. Депутат білім және ғылым министрлігі, бас прокуратура мен қоғам болып барлық балалар үйі мен интернаттарда балалар құқығының сақталғанына, балалардың дұрыс тамақтануы мен мүліктік құқығының сақталуына бақылау жасау керек дейді.

Өткен айда Алматы облысының прокуратурасы балалар үйлерін тексеру қорытындысын жариялаған. Прокуратура бюджет қаржысын мақсатсыз пайдалану фактілері анықталғанын, балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін тамақтандыруда заң бұзылып, оларға тиесілі жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықтар болғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG