Accessibility links

Сенат үш жылдың бюджеті жобасын өзгертіп, мәжіліске қайтарды


Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).
Парламент сенаты, Астана (Көрнекі сурет).

Сенат депутаттары 2017-2019 жылдардың бюджетінің жобасына түзетулер енгізіп, мәжіліске қайтарды.

Сенат бюджет жобасына аймақтардың инфрақұрылымына қаржы бөлуді қарастыратын өзгерістер енгізген. Жобаға Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарындағы сумен қамту және су тарту саласындағы жобаларды, Павлодар, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарындағы жолдарды қайта салу, Батыс Қазақстан облысындағы елді мекендерге газ тарту жобаларын қаржыландыру туралы өзгерістер енгізілген. Сенат бұдан өзге ЭКСПО-2017 көрмесінде әдебие көрме, "Кітап оқитын ұлт - Ұлы дала елінің болашағы" халықаралық симпозиумын өткізу шығындарын арттыруды қолдаған. Бұл жобаларды іске асыруға 2017 жылы үкімет резервінен қосымша 26,1 миллиард теңге, 2018 жылы 16,8 миллиард теңге және 2019 жылы 10,1 миллиард теңге бөлу қарастырылған.

Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сенатта бюджет жобасында мұнай бағасы 35 доллар болады деп есептелгенін хабарлаған. 2017 жылы мұнай өндіру көлемі 79,5 миллион тонна болады, 2021 жылға дейін 86,5 миллион тоннаға дейін артады деп күтіліп отыр. Бюджет жобасындағы кіріс шығыстан асып тұр. Республикалық бюджеттің кірісі трансфертті есептемегенде 2017 жылы 4,3 триллион теңге, 2018 жылы 4,5 триллион, 2019 4,8 триллион теңге болады деп болжанып отыр. Бюджет шығысы 2017 жылы 8,5 триллион, 2018 жылы 8,3 триллион, 2019 жылы 8,7 триллион теңге болады деп белгіленген.

XS
SM
MD
LG