Accessibility links

"Назарбаев еңбегінің нәтижесі" көрсетілген декларация қабылданды


Астанадағы парламент жиыны.
Астанадағы парламент жиыны.

Бүгін Астанада Парламенті палаталарының бірлескен отырысында "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы" қабылданды.

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматуллин: "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы Қазақстан жетістіктерінің декларациясы" - аса маңызды тарихи кезеңге арналған құжат. Мұнда ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың жасаған ерен еңбектері көрсетілген", - деді.

Ал мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов: «Қазақстан әлемнің бәсекеге ең қабілетті елу елінің қатарына енді. Әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуді мақсат етіп қойған «Қазақстан-2050» стратегиясы жаңа сипаттағы стратегиялық құжат болып табылады. Мемлекет басшысының "100 нақты қадам" баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекеттік ұлт жоспары әлемдік қаржы жүйесіндегі аса жағымсыз құбылыстарға қарамастан елімізге өндіріс пен инновацияны, әлеуметтік саланы дамытуға және жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді", - деді декларация жобасын таныстыру барысында.

Декларация жобасында Қазақстан ядролық қауіпсіздік рейтингінде ең қауіпсіз елдердің қатарына кіргендігі, оған Назарбаевтың қосқан үлесі көрсетілген.

Бүгін Астанадағы жиында депутат Қуаныш Сұлтанов Астана атауын Назарбаевтың есімімен байланыстыруды, президенттің "ерен еңбегін" конституцияда көрсетуді ұсынған.

XS
SM
MD
LG