Accessibility links

Мәжіліс жер кодексіне мораторий уақытын созу заңын мақұлдады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

23 қарашада мәжіліс депутаттары жер кодексіндегі даулы баптарды енгізуге қатысты мораторий уақытын 2021 жылдың 31 желтоқсанына дейін созу туралы заң жобасын мақұлдады.

Қазақпарат агенттігі аталған заң жобасын мәжілістің жалпы отырысында ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметов таныстырғанын хабарлады. Министрдің айтуынша, мораторий уақытын созу туралы шешімді үкімет құрған жер комиссиясы қабылдаған.

Биыл сәуірдің 24-і күні Атырау қаласында «жер мәселесіне» қатысты ірі шеру өткен. Кейін Қазақстанның өзге де бірнеше қаласында көпшіліктің қатысуымен наразылық акциялары жалғасқан. Халық жер кодексіндегі шетелдіктерге ауыл шаруашылығы жерін жалға беру мерзімін 10 жылдан 25 жылға дейін ұзарту және құрамында шетелдіктер бар серіктестіктерге сату туралы баптарға қарсы шыққан еді.

Халық наразылығынан кейін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзгертулер енгізуге уақытша мораторий жариялап, заңды талқылау үшін қоғамдық комиссия құрған.

XS
SM
MD
LG