Accessibility links

Асад армиясы Алеппоның шығысындағы ауданға бақылау орнатты


Алепподағы қираған ғимарат жанынан ат-арбамен өтіп бара жатқан адамдар.
Алепподағы қираған ғимарат жанынан ат-арбамен өтіп бара жатқан адамдар.

Сирия президенті Башар Асадтың армиясы Алеппо қаласының шығысындағы Ханано ауданын бақылауына алды. Бұған дейін бұл аумақ көтерілісшілер қолында болған деп хабарлайды ВВС телеарнасы.

2012 жылы қарулы оппозиция жасағы Алеппода алдымен осы Ханано ауданын басып алған. Үкімет әскері бірнеше күн бойы көтерілісшілер позицияларын атқылаған. Хананоны бақылауына алған соң Асад әскеріне солтүстік бағытқа қарай, қаланың шығыс аудандарына жол ашылды.

Көлемі жағынан Сирияның екінші ірі қаласы саналатын Алеппо бірнеше аймаққа бөлінген: батысы Башар Асад күштерінің, шығысы - көтерілісшілер бақылауында.

Үкімет армиясы ресейлік әскери ұшақтардың көмегімен көтерілісшілер орналасқан аудандарға соққы беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG