Accessibility links

Бішкекте базарда шатыр опырылып, екі адам ауруханаға түсті


Бішкек түбіндегі "Дордой" базары.
Бішкек түбіндегі "Дордой" базары.

Бішкек түбіндегі "Дордой" базарында шатыр опырылып, екі адам ауруханаға түсті деп хабарлайды қалалық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз хатшысы Асқар Эрдешовке сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз редакциясы.

Эрдешовтің ақпаратына қарағанда, базарға жергілікті уақыт бойынша түске дейін дәрігерлердің үш бригадасы барған. Түрлі жарақат алған екі адам қалалық ауруханаға жеткізілген. Бір жедел жәрдем көлігі оқиға орнында қалған. Эрдешов кейінірек қосымша ақпарат беретінін айтты. Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Апат себептері анықталып жатыр.

Осы айда "Дордой" базарында осымен екінші төтенше жағдай болып отыр. 27 қарашада қалың қардан базардың сауда қатарларының арасындағы шатыр опырылған.

XS
SM
MD
LG